13.07.2016, 10:58
Оқылды: 39

Қабылдау ұйымдастырылды

kaztalov kabyldau12 шілде күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр «Ақжайықтан – Арқаға» атты акцияға қатысқан өкілдермен кездесті.


Кездесуде аудан әкімі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған акцияның сәтті аяқталғанына өзінің лебізін білдіріп, Қазталов ауданының «Ауыл айнасы» газетіне ескерткіш сыйлығын табыстады.

Сонымен қатар акцияға қатысушыларды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева арнайы қабылдау ұйымдастырды.

Қабылдауда «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев Көкшетау сапары туралы айта келіп, демеушілік және қолдау жасаған Қазталовтың аудан әкіміне, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысына  рахметін айта келіп, естелік сыйлықтар табыстады.

www.zhaikpress.kz
Әсем ХАЛИУЛЛИНА
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале