10.10.2016, 17:25
Оқылды: 25

Қадыр орталығындағы Қаратөбеліктердің көрмесі

img_3662Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты көрмесі облыс тұрғындарына ұсынылды.  


 

Мәдени шара барысында алғаш сөз алған Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, кескіндемеші, мүсінші Бақтығали Оразов сөз сөйлеп, жиылған көпшілікке алғысын білдірді.

Қаратөбе ауданы өнерпаздарының және аудандық балалар шығармашылығы орталығының үйірме мүшелерінің кескіндеме, графика, мүсін, фотоөнері, зергерлік сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары көрермен назарына ұсынылды.  Көрмеге 90-нан астам жұмыстар қойылды.

Жасөспірімдердің қолынан шыққан туындылары қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениет және тәуелсіз еліміздің ынтымақтастықты дәріптеуі айқын айшықталған.

Сондай-ақ Қаратөбе ауданының көркемөнерпаздары Мұхиттың "Зәуреш" әнін Нұршат Исламғалиев, «Балбырауын» күйін Қарашаш Қойшиева   күмбірлете орындады.

Шарада орталық директоры Бауыржан Халиолла сөз сөйлеп, мәдениет саласына ерекше қолдауы үшін Қаратөбе ауданының әкімі А.Шахаровқа Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д. Құсайыновтың атынан құттықтау хат табыс етті.

Аудандық балалар шығырмалығы үйінің қолөнер және сурет үйірмелерінің жетекшісі Айбек Айболатұлының айтуынша ауылдық жерлердегі бойында таланты бар жас өрендерді таныту мақсатында өткізілген  көрмеге  күйдірілген суреттер, графика, мүсін, аралас материалдардан  жасалған жұмыстардың шығарылған.

Шара соңында көрермен қауым Қадыр Мырза Әлі мұражайымен танысты.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале