10.08.2016, 10:31
Оқылды: 23

Қазақстанның жарқын болашағы – жастар

          Өткен сенбі күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин спорт мектебінің ғимаратында әр салада қызмет атқаратын ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді. Ең алғашқы сөз Наурызбай Қадырбайұлына беріліп, ол өзінің  өңірге жұмысқа келгеннен бастап алдына қойған бір мақсаты – жастармен  кездесу екендігін жеткізді.   jastar

          Аудан басшысы жастарға еліміздің болашағы ретінде зор сенім артып, Елбасының  сындарлы да салиқалы саясатын қозғап, оларды еркін түрде әңгімелесуге шақырды. Осындай басқосуда мекеме басшыларымен бірге ауданымызға жаңадан келіп жатқан жас мамандар, жастар тәжірибесімен түрлі мекемеде жұмыс істеп жатқан және ауылдық округтердегі өз мамандықтары бойынша кәсіпкерлікпен айналысамыз деген жастар түгелдей қатынасып, аудан басшысына құттықтау лебіздерімен қоса, көкейкесті сұрақтарын қысылмай-қымтырылмай қойып жатты. Наурызбай Қадырбайұлы жастардың  әрбіреуін жіті тыңдап, ойларымен бөлісіп, қойған ұсыныс, сұрақтарына нақты жауап берді, шешілмейтін мәселе жоқ екенін айтып, жастарға сенім артып бір рухтандырып қойды. Аудан басшысы жастарды  ауданымыздың экономикасына көңіл бөлуге, мал шаруашылығымен айналысуға шақырып, мекеме басшыларына жастармен бірге жұмыс істеуді,  істеп жатқан жұмысқа жастар риза болу керектігін айтып, жастар қойған талап- міндеттерді басты назарға алуды  ұсынды.

                                                                                                         Меңдібек Сырымов

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале