28.09.2016, 16:03
Оқылды: 27

Қазақ өлеңінің жыр дариясы

moldagaliev-libraryЖәнібек аудандық балалар кітапханасында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының бастамасымен дәстүрлі «Жұбан оқулары» аясында ақынның патриоттық жырларын оқудан «Мәңгілік Ел идеясы – Жұбан жырында» тақырыбындағы акцияға байланысты, өз заманының дүлдүлі, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 96 жылдығына орай: «Қазақтың қайсар – Жұбаны»  кітап көрмесі шығарылды. «Қазақ өлеңінің жыр дариясы» атты ертеңгілік Т.Жароков атындағы  ЖББОМ –ның 4 «б»сынып оқушылары   және сынып жетекшісі С.Жәрдемқызының қатысуымен оздырылды. Кітапханашы С.Душкенова ақынның өмірі мен шығармашылығын көрнекіліктер мен  слайд арқылы таныстырды. Ақынның «Мен қазақпын» поэмасынан  оқушылар үлкен тебіреніспен жатқа оқыды. Сонымен қатар «Жұбан ақын халқының жүрегінде» деректі фильмі көрсетілді. Шараны кітапхана меңгерушісі Ж.Тұяқова  Жұбан ақын жырларының біздің өмірімізге тарихи із қалдырғанымен ерекшеленетіндігін айтып қорытындылады.

Жанар Захарқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале