17.08.2016, 11:41
Оқылды: 40

Қазталовта даярлық жұмыстары пысықталды

         Санаулы күндерден кейін оқу жылы басталмақ. Оның аржағында "қылышын сүйреткен қыс бар" дегендей, жылыту маусымы да жақындап келеді.

KaztalovZamAkimОсы орайда 16 тамыз күні Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова жұмыс сапарымен Жаңажол, Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерін аралап, сол округтердегі әлеуметтік нысандардың алдағы оқу жылына және жылыту маусымына даярлықтарын тексерді.
Тексеріс барысында аталмыш округтердегі білім ордалары мен мәдениет ошақтары толықтай дерлік ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқтай келіп, алдағы оқу жылына және жылыту мауысымына дайын екендіктерін байқатты.

   Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары әзірлігі нашар кейбір нысандардың басшылары мен қызметкерлеріне ескертулер жасап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Қайрат Жақып

 Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале