26.08.2016, 17:34
Оқылды: 36

Қазталов жастары лайықты үн қосуға ұмтылады

ЖасКанат26 тамыз күні аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өрле, Қазақстан!» атты ақпарат – насихат тобы қазталовтық жастармен кездесті.
Кездесуде облыстық «Жас қанат» ЖҚБ-нің менеджері Манарбек Әжікенов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңестік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Нұржан Әткешов және облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының менеджері Нұрбол Қырықбаев, - жалпы, елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мәселен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында соңғы жылдары жастар арасында жұмыссыздық деңгейі азайып келуде. Ендігі бір басты назардағы мәселе бұл - ауылдық елді мекендерге жастарды жұмысқа тарту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай сындарлы саясатын барлық жастар бір кісідей қолдап, жүзеге асыруға атсалысады деген ойдамыз. Өйткені еліміз жастарға өзінің аялы алақанымен нақты қамқорлығын көрсетіп отырса, өз кезегінде жастар да осы қамқорлыққа лайықты үн қосуға ұмтылатыны анық,- деді.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі АҚ облыстық филиалының кеңесші маманы Азамат Сағынбай,- жаңадан отау құрған жас отбасылардың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері бойынша кеңес берді.
Сонымен қатар кездесуде облыс, аудан көлеміндегі жыл бойына атқарылған жұмыстар бейнекөрініс түрінде жастардың назарына ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале