19.08.2016, 17:14
Оқылды: 39

Қайырымдылығы мол іс-шара

қайрымдылықЖәнібек ауданында жас жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбиелей отырып, адамгершілік, инабаттылық сезімін ояту мақсатында «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Оған жүрегі жомарт ел ағаларымен бірге аудан жастары да зор үлес қосуда. Атап айтсақ, аз қамтылған мектеп жасындағы 1 оқушыға жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі түрткі болып, ауданымыздың жас кәсіпкерлері демеушілік көрсетті. Олар «КРС агро» шаруа қожалығының жетекшісі М.Танкешев мектеп формасын алып берсе, «Тасқара» шаруа қожалығының басшысы Е.Сәрсенғалиев оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Ауылдық округтерде «Мектепке жол» акциясы бағытында жүргізіліп жатқан игілігі мол шаралар да жетерлік. Соның ішінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен ауданның жас өнерпаздары ақылы концерттік бағдарлама ұсынды. Концерттен түскен қаражат сол ауылдық округтердегі кәсіподақ және ата-аналар комитетінің төрағаларына қайырымдылық көмек ретінде табысталды.

«Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

                                                                                                             М.Сырымов

                                                                                                       Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале