28.10.2016, 19:19
Оқылды: 23

«Қайырымдылық айлығы» аясында

%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d0%b0%d1%8f%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0   Жәнібек аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы оздырылып, оған аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ернар Сұлтанғалиев  төрағалық етті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Жиында «Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық айлығының» өту барысы туралы» тақырыпта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов және аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Еспенбетова хабарлама жасап, ағымдағы жылы ауданымызда аталмыш тақырып аясында атқарылған істер жайын тілге тиек етті. Одан соң «Педагогикалық ұжымның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың есебінде тұрған қолайсыз отбасылар және олардың балаларымен атқарылған жұмыстар туралы»  Т.Жароков атындағы ЖББОМ директоры Ермек Жұмагереев пен №1 ЖББОМ директоры Сапар Мәмбеталиевтер хабарламалар оқып, өздерінің білім ордаларында атқарылған жұмыстар жөнінде комиссия мүшелеріне есеп берді.

Отырысты қорытындылаған Ернар Сұлтанғалиев комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарып, «Қайырымдылық айлығы» аясында атқаратын жұмыстарда белсенділік таныту қажет екендігіне тоқталды.

 

                                                                                        Ахмедияр Қуанұлы

                                                                                 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале