14.07.2016, 9:53
Оқылды: 21

Қайырымдылық көрсетті

Қайырымдылық көрсетті         Жәнібек ауданының орталығында  «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы мен «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде анасынан айырылып, жетім қалған бес ағайынды балаларға көмек көрсетілді.

Қаракөз ұл-қыздарға кәсіпкер азамат Ғилым Әліптің демеушілігімен азық-түлік және киім-кешек берілді. Бүгінде Жәнібек ауылындағы әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған пәтерде зейнеткер әжесімен бірге тұратын бүлдіршіндер үшін бұл күтпеген жағымды жаңалық болғаны рас. Жүздері бал-бұл жайнап, қуаныштарында шек болмады.

Балалардың анасы, жалғызбасты әйел Рима Жұмағалиева осыдан бірнеше күн бұрын ауыр сырқаттан қайтыс болды. Тағдыры қыл үстінде тұрған бүлдіршіндерді жеңгесі құшағына тартып, қамқорлығына алды. «Өзім төрт бала тәрбиелеп отырмын. Әлі ешқайсысын аяқтандырған жоқпын. Бірақ, бұл балаларды көздерін жәудіретіп жетімдер үйіне қалайша бермекпін?! Өз балаларымдай көріп, саналы тәрбие беруге тырысамын», - дейді Жаннагүл Исқақова.

www.zhaikpress.kz

                                                                    Данияр Оспан

                                                                          Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале