24.08.2016, 15:59
Оқылды: 22

Қаланың тазалығы көңіл көншітпейді

БурлиКруглыйСтолАудан орталығы Ақсай қаласына келген қонақ тамсанатындай таза да әсем қалаға айналдыру тек аудан басшыларының емес, барша қала тұрғындарының мақсаты болуы тиіс. Бұл туралы аудан әкімі Алдияр Халелов сала басшылармен өткен кездесуінде мәлімдеді.


«Бүгінгі қаланың тазалығы көңіл көншітпейді. Қала басшылығы екі айдан бері көшелердегі шөптерді шауып, ағаштарды кесіп, жолдарды тазалап, аулаларды сыпырып тазалықты барынша реттеп келді. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы да ел игілігі үшін екендігі мәлім. Ал жергілікті халық қала тазалығына мүлдем ат салысып жатқан жоқ. Әсіресе дүкендер мен мейрамханалардың айналасына темекінің қалдығы толып, шөп өскен. Кейбір мекемелердің алдында гүл өсірілмейді. Бұл бассыздықты тоқтату керек. Учаскелік полиция қызметкерлері қаламыздағы әр үйдің есігін қағып, тұрғындарға түсіндіріп, аула маңын тазалауды ескертсін», - деген аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы сала басшыларына ескертуден нәтиже шығармаған тұрғындар мен жеке кәсіп иелеріне айыппұл салып, заң жүзінде тәртіпке шақыруды қатаң тапсырды.

Аудан басшысы құрлыс жұмыстары жүргізілмей бос тұрған учаскелердің де иелері өсіп кеткен шөптерді шауып, айналасын ретке келтіріп қоюларын талап етті.

Кездесуде аудан әкімі сала басшыларына қала күні қарсаңында «Ең үздік көше», «Ең үздік аула» атты байқау ұйымдасытырылып, тұрғындар арасына үздіктерді марапаттауды тапсырды.

 

Айым Нұрғалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале