4.10.2016, 11:15
Оқылды: 30

Қанжыға қомақты

%d0%b3%d1%80%d0%b5%d0%ba-%d1%80%d0%b8%d0%bc-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%81            Теректі ауданында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен БҚО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы Нұрмұхан Жаназаровты еске алған грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өткізілген болатын.


Турнирге жерлестерміз де қатысып келді. Жай қатысқан жоқ, қанжығаларын майлап келді.

Атап айтсақ, Ислам Нәсиполла, Никита Молдағалиев 2004-2006 жылғылар арасында өткен турнирдің чемпионы атанса, Еділ Есен, Эльдар Рысқалиев, Альмерей Шталь, Абдолла Артаев, Роман Филипенко, Жандос Мұратқали ІІІ орынға ие болды. Айта кетейік жүлдегерлердің жеңіс тұғырынан көрінуінде бапкерлері Рафхат Құрманқұловтың еңбегі зор.

Дана ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале