28.10.2016, 17:01
Оқылды: 25

Қаракөлде жаңа әкім

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%ba%d3%a9%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%83Қазанның 28-і күні Қаратөбе ауданында Қаракөл ауылдық округіне әкім сайлауы өтті.


Сайлауды аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп ашты.

Аудан әкімінің орынбасары, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы  Сатқан Өмірзақов сайлауды өткізу тәртібін таңдаушыларға  таныстырып, сайлаудың  басталғанын хабардар етті.

12 таңдаушының  100 пайыз дауысына ие болған үміткер Сахипов Нұржан Хамидоллаұлы аудандық сайлау комиссиясының қорытындысына сәйкес Қаракөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Ерболат Райсов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале