19.09.2016, 15:38
Оқылды: 38

Қаратөбеде «Біз бақытты отбасы» сайысы өтті

%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%811Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен «Біз бақытты отбасы» атты спорттық жарыс өтті.


Спорттық шараның басты мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сайысқа қаратөбелік Аманғалиевтар, Сайновтар, Файзуллиндер отбасы қатысып өзара сынға түсті. Отбасылар жарысы «Таныстыру», «Кенгуру», «Кедергілер алаңы», «Жүйрік», «Арқан тартыс» сынды кезеңдерді қамтыды.

Отбасылық жарыс талас-тартысқа толы қызықты өтті. Сайысқа түскен отбасылар арасында  осалы болмады. Әр отбасыда жеңіске деген талпыныс, отбасы мүшелері жеңу үшін бар күш жігерлерін салды.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында «Үздік жас отбасы» аталымы бойынша Сайновтар отбасы, ойын барысында ептіліктерімен  көзге түскен Аманғалиев, Файзуллиндер отбасылары алғыс хаттармен марапатталды.

Спорттық жарыс соңында аудандық «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиева сөз сөйлеп спорттық жарысқа қатысқан отбасыларға ризашылығын білдіріп, жас ұрпақты спортқа баулу керектігін атап өтті. Сайыста ерекше көзге түскен Сайновтар отбасына диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале