24.08.2016, 11:57
Оқылды: 22

Қаратөбеде дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Тамыздың 23-і күні  Қаратөбе ауданының орталығындағы мәдениет үйінде   «БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ» тақырыбында аудан мұғалімдерінің тамыз кеңесі оздырылды.тамызКеңес

     Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров кеңестің күн тәртібіндегі білім сапасын көтеру  мәселесіне, өткен оқу жылдарында тындырылған істер мен жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып, аудан мұғалімдерін жаңа оқу жылымен құттықтады.

      Тамыз кеңесіне қатысқан Батыс Қазақстан облысының білім басқарма басшысының орынбасары Зәуре Гумарова білім саласын дамыту мақсатында елімізде, облысымызда  атқарылған игі істермен қатар білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған  келелі міндеттер туралы айтты.

       Кеңестің күн тәртібіне сай жарыссөзде: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында білім беру саласын дамыту» туралы  Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы  қазақстандық мектеп» тақырыбында Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Ақмарал Мұханова, Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту» туралы «Айгөлек» балалар бақшасының меңгерушісі Анар Оразова және жас маман, Қалдығайты ОЖББМ-нің әлеуметтік педагогы  Айым Қадекеновалар өз ойларын ортаға салды.

        Білім саласында ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен ұстаз, Б.Қаратаев атындағы Саралжын ОЖББМ-інде математика пәнінен дәріс берген  Зареден Өтениязов  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жетістіктері үшін-Мұхит атындағы  ОЖББМ-нің ағылшын пәнінің мұғалімі  Маржангүл Оразалина Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Алғыс  Хатымен марапатталды.  Еңбектегі жетістіктеріне сай бір топ ұстаз аудан әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатына ие болды.

Жаңа инновациялық технологияларды енгізудегі үздік мектепке дейінгі ұйым»   аталымына «Шұғыла» бөбекжай-балалар бақшасы, «Оқу-тәрбие үдерісінде көшбасшылық танытқан мектеп» аталымына Егіндікөл ОЖББМ-і иеленіп, жеңімпаздарға принтер және интерактивті тақта сыйлығы табысталды.

Салтанатты шараның марапаттау рәсімін аудан әкімі Асхат Шахаров пен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысының орынбасары Зәуре Гумарова жүргізді.

                                                                         Ерболат Райсов

                                                                                 Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале