21.07.2016, 18:12
Оқылды: 54

Қаратөбеде мал азығын дайындау науқаны қызу жүруде

DSC_0786Аудан бойынша қысқы мал азығын дайындау барысымен танысу мақсатында Қалдығайты ауылына қарасты Сақып қыстағында «Асылбек» шаруа қожалығына барып, тыныс-тіршілігімен таныстық.

2007 жылы құрылған шаруа қожалығының жетекшісі Айболат Сәрсенғалиев алғашында қолда бар ірі қара малы басын көбейтумен айналысқан екен.

Қазіргі таңда ауылдық округтегі ірі шаруа қожалықтарының біріне айналып отыр. Иелігінде 246 бас ірі қара, 100 бас бұзау, 3 жылқы және мал тұқымын асылдандыру бағыттында 6 аталық бұқа бар. Қожалықттың3 трактор, 2 тіркеме, 1 шөп буғыш және  1 шөп шабатын агрегаты шабындық алқапта қызу жұмыстануда.

Қожалық жетекшісі Айболат Сәрсенғалиев:

Асылбек ШК жетекшиси Айболат Сарсенгалиев– Еңбек етем деген жандарға мемлекет тарапынан қолдаулар жасалуда. Шаруа қожалығы иелігінде 2100 гектар жер телімі бар. Ауылдық жерден 1 жанұяны, 3 адамды жұмысқа тартып отырмыз. Далада мал азығын дайындау жұмыстары қарқын алуда. Жоспар бойынша 2000 бума шөп дайындауымыз қажет. Қазіргі таңда 470 бума шөп дайындадық. Биылғы шөп жақсы шығуына байланысты жылдағыдан екі есеге көбейтіп, жинап аламыз деген ойымыз бар, - дейді.

2014 жылы Сақып қыстағынан үй тұрғызып, баз салу жұмыстарын жүргізген қожалық алдағы күндердің еншісіне электр сымын тартып, жарық қостыру жоспары бар екендігін алға тартты.

????????????????????????????????????

- Бүгінгі таңда аудан бойынша қысқы мал азығын дайындау науқаны қыза түскендігі байқалады. Жалпы жоспар бойынша 70 мың тонна мал азығын дайындау қажет. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қордың екі жылдық 140 мың тонна мал азығын дайындауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 187 техника шабындық алқапта жұмыстануда. 56 гектар жер шабылып, орташа есеппен өнімділік гектарына  6 центнерді құрайды. Қазіргі таңда 24 % мал азығын дайындалды, -дейді Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдраш.

 

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале