24.08.2016, 10:46
Оқылды: 49

Қаратөбеде «Таза жағалау» акциясы өтті

Сенбилик20 тамыз күні «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында ауыл іргесіндегі  Қалдығайты өзені жағалауын тазалау мақсатында сенбілік  ұйымдастырылды.


ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясындағы акция өзен жағалауының экологиялық ахуалын жақсарту, жас ұрпақты туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен әрі ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында  өтті. Сондай-ақ әрбір тұрғынның қоршаған ортаны сақтау мен оны қорғауға   жауапкершілігін арттырып, оны өзгелерге үлгі етуге шақыру.

Акция шеңберінде  өзеннің жағасындағы жатқан  тұрмыстық зат  қалдықтарынан тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке аудан орталығындағы мекемелерден 250-ге жуық  адам қатысты. Сенбіліккн МТЗ-82 маркалы трактор тіркемесімен жұмылдырылды. Арнайы белгіленген аймаққа 6 тонна тұрмыстық қалдықттар шығарылды.

 

Тоты Есқайырова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале