4.08.2016, 12:06
Оқылды: 44

Қаратөбе ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

vacancyҚаратөбе ауданы бойынша ағымдағы жылдың 17 тамызы күні аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындары мен қызметтерге жәрмеңке өткізілгелі отыр.


            Жәрмеңкенің мақсаты аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардың және шағын бизнес өкілдерімен кездесу, лайықты жұмысқа орналасу, жұмыспен қамту жөніндегі мамандардан «Еңбек кодексі» бойынша кеңестер мен түсініктер алу болып табылады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығынан түскен мәліметке қарағанда, ағымдағы жылдың 3 тамыз күнгі дерегі бойынша бүгінгі таңда аудан бойынша 76 бос орынға жәрмеңке ұйымдастырылмақ.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале