29.07.2016, 15:34
Оқылды: 31

Қаратөбе ауданында - «Мектепке жол» акциясы

Қаратөбе ауданында - «Мектепке жол» акциясыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында 2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.


Балаларға мектепке барар жол табуға көмектесіп, қайырымдылық көмек көрсетуге тілек білдірушілер Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 8 711 45 31270 телефонына хабарласып, ақпарат ала алады, - дейді аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Есенгүл Рабаева.

 

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале