12.10.2016, 14:34
Оқылды: 47

Қаратөбе төрінде – әжелер сайысы

%d0%b0%d0%b6%d0%b5Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Үшағаш негізгі орта мектебінде «Менің әжем – ақ әжем» атты әжелер сайысы өтті.


 Бес кезеңді қамтыған сынға 4 әжей қатысып, бір-бірлерінен қалыс қалмады.

Алғашқы кезең «Әжемнің тағамын-ай?!..» кезеңінде әжелеріміз ұлттық тағамдардың пайдасы мен емдік қасиеті туралы айтты. «Ас - адамның арқауы» кезеңінде құдаға, бас табақты қандай қонаққа жасайтынын, жамбас, бел омыртқа, мойын омыртқа дегендерді кімдерге асатыны туралы айтылды.

Әжелеріміз  үшінші «Ұрпаққа аманат» кезеңде киіз басу, ұршық иіру, кесте, көрпе тігу, тоқма тоқу т.б. қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын үйретті.

Ал, «Әжемнің ертегілері»  кезеңінде әр сынып ертегіден көрініс құрды. Ал, әжелер авторлардың рөлін сомдады.

Сайыстың соңғы кезеңі «Ауылдың алты ауызы» деп аталды. Бұл кезеңде әжелеріміз заманауи эстраданың көлеңкесінде қалып бара жатқан, бұрынғы өздерінің жиын-тойларында айтып жүретін әндерін орындады.

Көңілі кең, көкірегі қазына ақ жаулықты әжелер сайысының қорытындысында «Алтын әже» атылымымен Жаннат Кастовская, «Ең мейрімді әже» аталымымен Зоя Сағдиева, «Ең өнерлі әже» аталымымен Әлия Мүйтенова, «Ең өнегелі әже» аталымымен Клара Қуанаева марапатталды.

Тоты Есқайырова

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале