29.07.2016, 12:54
Оқылды: 43

Қаратөбе өңіріндегі библиокеш

????????????????????????????????????Қаратөбе ауданы орталығының орталық саябағында Шөптікөл, Үшағаш, Соналы ауылдары кітапханашыларының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қазағымның мақтаны, таусылмайтын аңызы мен дастаны» тақырыбында библиокеш өтті.


Библиокеш Тәуелсіздік туралы оқырмандар білімін арттыру, жасөспірімдердің бойына отаншылдық сүйіспеншілікті, патриотизмді қалыптастыру мақсатында өтті.

Кеш «Тәуелсіздік мұраты – Мәңгілік ел» атты бейне көрсетіліммен бастау алды. Бейнекөрсетілімде «Алтын адам», «Астана – Бәйтерек» монументі, «Хан шатыр», Бейбітшілік пен келісім сарайы бейнесіндегі жастар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.DSC_0011

Шара барысында «Туған өлкем – тұнған  шежіре» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеден Шөптікөл, Үшағаш, Соналы ауылдарының тарихы және елге еңбегі сінген ел азаматтары жөнінде материалдар орын алды.

Кеш тәуелсіздік туралы жалынды жырлармен аяқталды.????????????????????????????????????

 

Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале