18.07.2016, 17:20
Оқылды: 19

Қаратөбе өңіріндегі «Күміс шабақ – 2016»

Қаратөбе өңіріндегі «Күміс шабақ – 2016»Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қаратөбе ауданында велоспед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ – 2016» жарысы өткізілді.


Оқушылар арасында велосипед туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оздырылған жарысқа 11 аудан командасы қатысты. Сондай-ақ, веложорық қатысушылардың туристік шеберліктерін жетілдіру және веложорық қауіпсіздігін арттыру міндеттерін көздеді.
Үш күнге созылған жарыс 3 кезең бойынша қатысушылардың жылдамдықтары мен ептіліктерін сынға салды.

Облыстық «Күміс шабақ – 2016» велосипед туризмі техникасы жарысы «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Велобағдарлау» қашықтығынан өту кезеңдерін қамтыды.

Облыстық жарыстың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Асхат Шахаров жарысқа қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Содан соң педагогика ғылымдарының кандидаты, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин, БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов сөз сөйлеп, аталмыш жарыстың оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтатындығына сенім білдірді.

Жарыстың алғашқы қадамын Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Берлешұлы мен Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев бастап берген болатын.

Сайысқа 70-ке жуық велосипедші арнайы жасақталған зигзаг, әткеншек, жыланша, қақпа, сегіздік, шеңбер, саңырауқұлақ, жыра, өрнек, құмды аймақ, бөрене, ор, тастар атты кезеңдерде кедергілерден белгіленген уақытта жүріп өтті.

Велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ – 2016» жарысын қорытындылығын Қаратөбе аудандық әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев жарыста жекелей, командалық есепте топтан озған жеңімпаздарға дипломдар табыстады.

Жалпы командалық есепте І орынды Бөкей ордасы ауданы, ІІ орынды Бөрлі ауданы, ІІІ орынды Жәнібек ауданы командасы иеленді.

Жарыстың 2 кезеңі Қаратөбе-Жымпиты-Аралтөбе-Алғабас-Орал  веложорығы 5 күн 260 шақырымды қамтитындығын айта кеткен жөн.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале