20.10.2016, 13:26
Оқылды: 13

Қаратөбе өңірінде – қадірлі меймандар

%d0%ba%d0%b0%d1%80%d1%81%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%83 «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» атты мәдени-көпшілік шараларға қатысушы меймандар бабаның кіндік қаны тамған қасиетті Қаратөбе өңіріне қадам басты.


Қазақ ән өнерінің айтулы тұлғаларын Қаратөбе ауданы шекарасы бойынан аудан әкімі Асхат Шахаров бастаған топ құрметпен қарсылап алды.

Қадірлі меймандарға ата-баба салтымен ақ дәм ұсынылып, әннен шашу шашылды.

Мұхит баба өнерін ауданда бірден-бір насихаттап жүрген жас әнші-термеші Нұршат Исламғалиевтің ән сәлемі жылы қабылданды.

Айта кетерлігі, Қаратөбе өңіріне Мұхит бабамыздың 175 жылдық мерейтойы аясында қадам басқан меймандардың қатарында Түркістан қаласынан арнайы келген ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын, Ақтөбе қаласынан келген «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, әнші-термеші Хайдар Өтеғалиев, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, әнші Қатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР мәдениет қайраткері, облыстық «Мұхит» қоғамдық қорының директоры Сағадат Рахметжанов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Серік Әбдірахманов, БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов т.б. бар.

 

Ертай Бимұханов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале