9.11.2016, 10:21
Оқылды: 27

Қаратөбе өңірінде - «Өрле, Қазақстан!» насихат тобы

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82%d3%a9%d0%b1%d0%b5-%d3%a9%d2%a3%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d3%a9%d1%80%d0%bb%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bdҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қаратөбе ауданына ат басын тіреген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігіне қарасты «Өрле, Қазақстан!» атты ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудан жастарымен кездесті.

Топтың негізгі мақсаты аудан жастарына «100 нақты қадам», «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Жастар тәжірибесі» және тағы басқа түрлі деңгейдегі мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламаларды түсіндіру және ауыл жастарының өзекті мәселелерімен танысып, сұрақтарына жауап беруді көздеді.
Топ құрамында «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Манарбек Ажкенов, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Бақберген Абуов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының консультациялық қызметтер көрсету бөлімінің маманы Белен Ашимов, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының кеңесші-маманы Сағынбай Азамат, БҚО «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының жобалар жөніндегі менеджері Жандос Сұңғатовтар болды.
Жастардың алқалы кеңесін ашып сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов аудандағы мемлекеттік жастар саясатының төңірегінде әңгіме қозғады.
Олар жастарға арналған бағдарламалардың тиімділігі, баспанаға қол жеткізу, жеңіл пайызбен несие алу, болашақ жоба-жоспарларды құру турасында әдістемелік көмек көрсетіп, шағын шеберлік сыныптарын өткізді.
Өзіндік ойларын ортаға салған жас маман Санжар Мұратов, Қайырбек Наурызбайұлы, Эльдар Амантаев т.б. жастар сауалдарына орай арнайы мамандардан жауап ала білді.
Жастар бас қосуын аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог-маманы Әмірбек Жәнібеков қорытындылады.
Шараға жастар жетекшілері, студент жастар, жас кәсіпкерлер қатысып отырды.

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале