17.08.2016, 11:04
Оқылды: 38

Қараусыз қалған балалар  жоқ

Қараусыз қалған балалар жоқЖәнібек ауданында  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.


Биыл бұл шара аудандық ауыл шаруашылық жәрменкесінен бастау алса, Қамысты, Борсы, Жақсыбай, Талов ауылдық округтерінде қайырымдылық концерттер ұйымдастырылып, түскен қаржы аталған округтерге қарасты мектептердің ата-аналар қауымдастығына тапсырылды.

Балаларды қуанышқа бөлейтін Е.Елемесов, А.Аяпов, Ғ.Әліп, Қ.Татранов, Қ.Нығметов, С.Сатанова, С.Сәрсенғалиев, М.Тастанов, С.Исаева сынды жомарт жандар акцияға белсене атсалысса,  ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымдары, мемлекеттік ұйымдар бұл шараға үнемі қолдау көрсетіп келеді.

«Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өтіп жатқан республикалық «Мектепке жол» акциясында барлық аудан мектептерінде арнайы қабырғалар орнатылып, акт залдары безендірілді. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларды есепке алу үшін 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың тізімін анықтау рейдтері жүргізілуде. Оған мектеп мұғалімдері, учаскелік инспекторлар, денсаулық саласының өкілдері, ата-аналар тартылды.  Акция барысында қауіпті топқа жататын, сабақ жіберуге бейім, қараусыз қалған балалар жоқ екендігі анықталып отыр.

Аталмыш акцияда қазірге дейін 204 оқушыға 676 600 теңге көлемінде  көмек көрсетіліп, мектеп сөмкелері, оқу құралдары,  мектеп формасы, спорттық киімдер мен аяқ киімдер табыс етілді.

         Н.Жапақов
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале