12.07.2016, 10:48
Оқылды: 28

Қаржылық жүйе жөніндегі семинар-кеңес  

Қаржылық жүйе  Қаратөбе аудандық мәслихат залында  қазынашылық қызмет  көрсету барысындағы қателіктер және олардың алдын алу, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы  өткізілетін қаржылық құжаттарға талдау, талқылау турасында семинар-кеңес өтті.


Қаратөбе аудандық қазынашылық басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері және есепшілері қатысты. Семинар-кеңесте сөз алған аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Абзал Елеусінов ай сайынғы төлемдерді уақытылы аудару кезінде мұқияттылықты  басты назарға ұстауға шақырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Маржан Тәжікенова міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібіне кеңінен тоқталып, түсінік берді.

Семинар-кеңес барысында мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы және оларға қойылатын талаптар туралы  айтылды. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқарып, қаржылық кемшіліктерді болдырмауды ұсынды.

Бас маман Баймұрат Есенгельдин хабарламасында төлеуге берілетін шотты рәсімдеу тәртібі туралы айтып өтті. Жұмыс барысындағы кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау, сонымен қатар шотты дұрыс толтыруын, қажетті құжаттардың дұрыс жіберілуінің қатаң сақталуын ұсынды.

Кеңес барысында сөз алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағанбетов уақытында төлемдерді аудару керектігін баса айтты.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов қаржы мамандарына ұйымдастырылып отырған семинар-кеңесте айтылған, түсіндірілген мәселелер бойынша жұмысты жандандыру керектігін атап өтті.

          www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

 «Қаратөбе өңірі» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале