1.11.2016, 13:05
Оқылды: 18

Қарияларымыз дән риза

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d1%8b%d0%b7-%d0%b4%d3%99%d0%bd-%d1%80%d0%b8%d0%b7%d0%b0   Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 6 әлеуметтік қызметкер Сайқын ауылдық округіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және егде жастағы адамдарға 8 бағытта қызмет көрсетуде.


   Қызмет алушының дәрігерге қаралуына, дәрі-дәрмек алуына зейнетақы, жәрдемақыларын алып, коммуналдық төлемдерін өтеулеріне жәрдемдеседі. Тіпті үй шаруасына да араласып, дүкеннен азы-түлік, өзге де тауарлар жетістірулеріне қолғабыс береді. Қажет болса, олармен әңгіме-дүкен құрып, ішкі шерлерін тарқатуларына, серпіліп, сергулеріне жол ашады. Қаласа қоғамдық орындарға мәдени шараларға алып барып қайтады. Осылай іске араласып кеткен әлеуметтік қызметкер сол отбасынын бір мүшесі сияқтанып, қызмет алушыны асыға күтетін, жолын тосатын жанына айналады.

Гүлжанат ӘКІМЖАНҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале