1.11.2016, 13:03
Оқылды: 25

Қарияларға қайырымдылық жасайық!

%d0%b6%d1%83%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%be%d0%b9 Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округінде «Мейірбандық айлығы» аясында әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен ауылымыздың практикада жүрген жастармен бірлесіп Жусандыой округінің  Ханкөл елді мекенінде тұратын Алданыш Сынғожиева әжейдің батасын алды.


       Акция қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту мақсатында оздырылды.

Ауыл жастары ханкөлдік жалғызілікті қария Алданыш Сынғожиева әжейдің үй жұмыстарына қол ұшын беріп, бөлмелеріне түсқағаз жабыстырды.

Көмек қолдарын созып  қолғабыс еткен ауыл жастарына әжеміз ақылын айтып, ақ батасын берді.

Акция аясында ауылымыздағы көмекке зәру отбасыларға бар көмегімізді аямаймыз. Науқандық шаралар кезінде ғана емес, көмекке зәру отбасыларға деген құрмет әр уақытта жалғаса бермек дейді,-  Жусандой ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Жаңылсын Темірханқызы.

 

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале