15.10.2016, 8:12
Оқылды: 10

Қарияларға құрмет

%d0%bc%d2%af%d0%b3%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d0%ba1Қайырымдылық айлығы аясында аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға дастархан жайылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысты.


Ауылдық округтерден келген елуге тарта қонаққа «Тасқала» кафесінде дастархан жайылды. Алдымен келген қонақтарды мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы сөз сөйледі. Келген қонақтар арасынан да сан жылдар түрлі салада еңбек еткен ардагерлер ақжарма тілектерін білдірді. Аудан өнерпаздарының дайындаған ән-шашуы да жиынға өзінше әр берді. Отырыс барысында жиылған қонақтар ән шырқап, би билеп бір сәтке күйбең тірліктің күрмеуінен құтылып сергіп қайтты.

Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ

www.zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале