28.10.2016, 13:53
Оқылды: 30

Қарттар үйіндегі қайырымдылық шарасы

%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80-%d2%af%d0%b9%d1%96Қайырымдылық аясындағы ізгілік шаралар жалғасын табуда. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі қарияларды Сырымдықтар да  ұмыт қалдырмады.  Қамкөңіл жандардың көңілін аулап,  әннен шашу шашты.

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да елдің амандығын айта келген Сырымдықтар  осында тұрып жатырған жерлестерімен жүздесті. Елдің амандығы, бір кездері өздері тұрып кеткен ауылдарының тыныс-тірлігі қариялар үшін таусылмайтын әңгіме өзегіне айналды. Жетімі мен жесірін жылатпаған халық атансақ та, заман ағымы осындай үйлердің ашылуына әкелді. Өкінішке орай оларда тұрып жатырған қариялардың саны кемімей тұр.

Жасы егде тартқанда тағдырдың жазуымен қарттар үйін пана еткен әрбір қария көңілі сағынышқа толы. Сондықтан айлық аясында ұйымдастырылған барлық игі шаралар аз да болса олардың көңілін аулап, ризашылыққа бөлеуде.

Мұндағы ақсақал қариялар мен ақжаулықты аналар қадірінің қашқанына қынжылады. Ұл қыздарының перзенттік парызын өтемегеніне өкінеді. Бірақ басқа салғанға көнуден басқа амал жоқ. Ал, олардың ертеңге деген сенімдерін нығайтуда осындай шаралардың орны ерекше. Мұны бүгінгі шарадан айқын аңғарғандай болдық.

 

Үміт Жәңгірова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале