21.10.2016, 17:34
Оқылды: 24

Қарызы бар борышкерлермен жұмыс өткізілді

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%b7%d1%8b-%d2%9b%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81Шыңғырлау ауданында Заң қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларына   алимент  төлемей жүргендер мен Үкімет алдындағы қаржылық несие  алған  борышкерлер мәселесі қолға алынды. Жиында заңдағы кейбір өзгерістер, қарыздарды қайтару  және берешектер көлемі  айтылып,  борышкерлерге заң талаптары түсіндірілді және осы тұрғыда мәселені  шешу  жолдары ұсынылды.

Шараға барлық   селолық округтер бойынша  борышкерлер қатыса отырып, заңгерлер тарапынан  көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарына жауаптар да алды. Әрі  заңгерлік көмек, әрі   адами тұрғыдан  ақыл - кеңестерге қаныққан  борышкерлер қарыздарын қайтару, алименттерін уақтылы  төлемеген себептерін түсіндірді.  Сонымен қатар, олар берешек қарыздарының көлемін,  құжаттарының дұрыс-бұрыстығын да тексертіп  алуға мүмкіндік алды. Шыңғырлау  ауданының  аға прокуроры  Әсет Салимов заң талаптарын түсіндіріп, аудандық  жергілікті полиция басшысы  Б.Елесбаев борышкерлердің  полиция қызметкерлерінен өздерінің  тұрғын мекен - жайларын жасырғанымен,  алименттен жалтару мүмкін еместігін  айтып өтті. Ал, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің  бас маманы  М.Джумабаев  мемлекет алдындағы қарыздарды қайтару – міндет екендігін тағы да ескертті.

 Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале