13.10.2016, 14:01
Оқылды: 26

Қатардан қалмайды

%d0%ba%d0%b0%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b1Ақсайда қайырымдылық айына орай мүмкіндігі шектеулі жандар және қариялар арасында қол күресінен, классикалық жатып сығымдау, гір көтеруден аудандық турнир болып өтті.


Жарыстың негізгі мақсаты-мүмкіндігі шектеулі спортшыларды аудан құрама командасына іріктеу,олардың шеберліктерін жетілдіре отырып,жарыстарға дайындау,салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Қариялар және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарысқа 5 ауылдық округтен қатысып, спорттың 3 түрінен бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша классикалық жатып сығымдау спорт түрінен ерлер арасындаа 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды А.Мыңжасаров, ІІ орынды А.Асамамбетов, І орынды А.Балпанов иеленсе,  80 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын С.Халиловқа, І орын Н.Заваловқа бұйырды. 80 кг жоғары салмақ дәрежесінде ІІ орынға Т.Абдиров, І орынға К.Ескаков орналасса, әйелдер арасында ІІІ орынды Ю.Сизова, ІІ орынды  Б.Жамбаева, І орынды  В.Кондаевалар місе тұтты.

Қол күресі спорт түрінен әйелдер арасында ІІІ орын Б.Жамбаева, ІІ орын В.Кондаева, І орын Ю.Сизова алды. Ерлер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға А.Асмамбетов, ІІ орынға С.Халилов, І орынға А.Балпанов, 70 кг жоғары салмақ дәрежесінде ІІ орынға Т.Абдиров, ІІ орынға Н.Завалов, І орынға К.Ескаков орналасты.

Гір көтеру спорт түрінен ерлер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын А.Мыңжасаров, ІІ орын А.Балпанов, ІІІ орын С.Халилов, 70 кг жоғары салмақ дәрежесінде ІІІ орын Т.Абдиров, ІІ орын К.Ескаков, І орын С.Халиловтар қанжығаларына байласа, әйелдер арасында ІІІ орынмен  Б.Жамбаева, ІІ орынмен Ю.Сизова, І орынмен  В.Кондаевалар үздік үштікті тұйықтады.

Аида Есенаманқызы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале