3.11.2016, 13:11
Оқылды: 19

Қой басын көбейтуді көздеуде

????????????????????????????????????

    Жәнібек ауданындағы Қамысты ауылының тұрғыны Қалихан Дошев  мемлекет тарапынан шаруаларға беріліп отырған жеңілдіктерді пайдаланып отырған жандардың бірі. Бұдан бұрын да түрлі бағдарламаларға сәйкес 5 рет несие алып, пайдасын көрген  Қалихан үстіміздегі жылғы жазда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытына сай 950 мың теңге несиеге қол жеткізген. Қазір сол алған қарызға мал саудалауда. Үш бас ірі қараны ауылдағы  тұрғындардан сатып алып та қойған. Енді жеті бас ірі қара саудаламақ болып, ойдан-қырдан мал іздестіруде. Іздеген ірі қарасы қолма-қол ақшаға жақында табылып қалар  деген үмітке иек артуда. Ежелден Қамыстыны мекендеген оның қарамағында бүгінгі таңда 20 бас ірі қара, екі жылқы, бір құлынды бие, 70 қой-ешкі бар. Шаруашылықтың қыр-сырын бір кісідей меңгерген Қалекең өзінің пайға және сатып алған МТЗ-80 тракторын, екі шөп шабатын машинасын, шөп жинайтын агрегатын пайдаланып, осы техникалардың арқасында жаз бойы  қысқы мал азығын дайындап, тиісті орнына жиыстырып қойған. Шаруаға бейім жан таяу келешекте қарамағындағы қой санын көбейтуді көздеп отыр.


             -Бұрынғы совхоз атты шаруашылық құрылымында қоғамның пайдасына қой баққан шопанның отарында  600 бас қой болушы еді ғой. Мен де бағымымдағы қой санын сол шамаға жеткізгім келеді. Алдағы уақытта жылы да жайлы қора салып алмақшымыз,-дейді ол.

             Шаруа баққан Қалекең шаруасына қолайлы болып тұрған бағдарламаның  пайдасы зор екенін, тек алған несиені ысырап қылмай өзінің бағытына жұмсап, қаржыны айналымда ұстаса ғана кәсіптің нәсібін көруге болатынын айтады.

                                                                                     Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале