4.08.2016, 17:01
Оқылды: 42

Қол күресі жарысына аттанбақ

5-8 тамыз аралығында Орал қаласында қол күресінен жасөспірімдер мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасындағы аймақаралық жарыс өтпекші.


Әлемде бұл жарыс түрі – «Арм реслинг» деп аталады. Қазақ тіліне дәл аударсақ «білезік күресі» дегенді білдіреді.арм тамыз

Салауатты өмір салтын ұстану, қол күресін дамыту мақсатында өткізілетін дүбірлі додаға Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттерінен 12 жас спортшы және Қоскөл ауылдық округінен 9 спортшы қатыспақшы.

35, 45, 55, 60, 65, 75, +75 келі салмақта өнер көрсететін өрендер қатарында Азия, республика біріншіліктерінде табысты өнер көрсетіп жүрген Руханият Ертайұлы, Фархат Қалиев, Қуаныш Саламатов, Сүйесін Құмаров сынды таланты жастар бар.

www.zhaikpress.kz

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале