19.09.2016, 13:54
Оқылды: 23

Қоскөлдегі қайырымдылық шарасы

%d2%9b%d0%be%d1%81%d0%ba%d3%a9%d0%bb-217-ші қыркүйек күні Қоскөл ауылында жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.


 

Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры Гүлнұр Қажығалиева ұйымдастырды.

Мектептегі "Әкелер" клубының мүшелерінің атынан Эльдар Амантаев екі оқушыға аяқ киім алып беріп, өз көмегін тигізді.

Акцияға атсалысқан мектеп мұғалімдері және кітапханашы аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек, оқу-құралдарын алып берді.

- Қайырымды адамдар қоғамымызда көбейе берсін деген тілекпен бүгінгі демеушілерімізге алғыс білдіреміз. Жыл сайын бұл акцияға қатысқысы келетіндердің саны ұлғайып жатыр,- дейді Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Әлия Тасқалиева.

 

                                                                                                    Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале