16.11.2016, 16:37
Оқылды: 30

Қоғамдық кеңестің ықпалы зор

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc-%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bcСырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі бағыттарына арналған аудандық қоғамдық келісім кеңесінің форумы өткізілді.

Аталмыш форумның жұмысына аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрайымының орынбасары Серік Тоқмамбетов, облыстық мәдениет саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов, «Қоғамдық келісім» қоммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жамал Ихсанова, аталмыш мекеменің медиаторы Алуа Рахишева, аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің құрамы, ауылдық округтердің әкімдері, ауылдық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, ардагерлер кеңестерінің төрағалары, аналар кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты.

Форумның жұмысын аудан әкімі Абат Шыныбеков кіріспе сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.

Форум барысында аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрайымының орынбасары Серік Тоқмамбетов аудан өңірінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, баяндама жасады.

Баяндама жасаушыдан соң мінбеге көтерілгендер Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сабыр Оразов, Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Роза Ихсанова сөйлеген сөздерінде қоғамдық тұрақтылық, татулықты нығайту жөніндегі құнды ойларын ортаға салып, алда шешімін күтіп тұрған кейбір істерді де алға тартты.

Облыстан келген қонақ, «Қоғамдық келісім» қоммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жамал Ихсанова форумға қатысушылар алдында  жанды деректер келтіре әдемі ойларын ортаға салды.

  • Облысымыз бойынша 239 қоғамдық келісім кеңестері, 400-ге жуық «Достық» клубы, 300-ге жуық еріктілер қоғамы болса, «Аналар» мен «Ақсақалдар» кеңестері де тұрақты жұмыс істеуде. Осы кезге дейін облыс көлемінде 3 мыңға жуық шаралар өткізілді.

Міне, осы өткізілген шаралар өзіндік мақсатына жете білді ме, немесе қоғамдық кеңесте айтылған мәселелер орындалды ма, оның ықпалы қандай?

Осы жағын саралап, ой елегінен өткізе білуіміз керек.

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, жұмыссыздықты азайту, отбасы бірлігін сақтау, міне осы жәйттер де кеңестің күн тәртібінен  түспек емес.

Отбасылық өмірде соңғы кездері өз өмірн кенеттен қиған, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары болса жиі көрініс табуда.

Мәселен, өткен 10 ай ішінде 12 адам осылайша өзіне-өзі қол жұмсап, өмірлерін қиған екен. Өкінішті жағдай. Бұл жағдай да қоғамдық кеңестің мүшелерін алаңдатып отырған басты проблема болмақ, - деді өз сөзінде Жамал Сағынғалиқызы.

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc-%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d0%baФорум барысында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының медиаторы Алуа Рахишева мінбеге көтеріліп, медиация ұғымы мен міндеттері, жалпы дауды шешу, бітімге келу жағдайаттары жөнінде түсінікті түрде айтып өтті.

Сондай-ақ облыстық мәдениет саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов мәдениет саласы жөнінде тұшымды сөздерін арнап, 40 жыл бойы мәдениет саласында  маңдай терін төккен Төлеген Есмұхановқа «Еңбек ардагері» медалін салтанатты жағдайда тапсырды.

Ал, осындай салтанатты дәстүрді одан әрі жалғастырған аудан әкімі Абат Абайұлы аудандағы қоғамдық келісім саласында жемісті қызмет атқарып жүрген бір топ қоғамдық келісім кеңесінің төрағаларына Алғыс хаттар табыс етті.

Айта кетейік осындай Алғыс хатты облыс тарапынан Елтай және Қособа ауылдық округі бойынша Ерсұлтан Ахметқалиев пен Төлеу Шарифуллин «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жамал Ихсанованың қолынан алған болатын.

М.Айташев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале