23.08.2016, 15:19
Оқылды: 27

Қоғамдық кеңес нәтижелі жұмыстануда

IMG_6309Ауданымызда  2016 жылғы  18 ақпандағы № 41-1 Шыңғырлау аудандық мәслихатының шешімімен құрылған  қоғамдық кеңес жұмыстанған 6 ай ішінде  12 отырыс өткізді.

Олардың екеуі  қоғамдық кеңестің  жұмысын  ұйымдастыру, үйлестіру бағытында болса,  2-і  нормативтік – құқықтық , 8-і  жергілікті және мемлекеттік  органдардың  бюджеттік  бағдарлама жобалары, өңірдің даму  бағдарламалар жобалар бағытында іске  асыру  шараларына арналды.

Кеңестің кеңейтілген отырысында   «Жер  реформасы» мәселесі  талқыланды, жиынға аудан тұрғындары атынан қатысқан   өкілетті  адамдар ашық  әңгіме, толғамды ой  ұсыныс-пікірлерін білдірді.  Жер мәселесі бойынша  айтылған  мәселелер  аудан  басшылығына, жұртшылыққа   жеткізіліп, ұсыныстар облыстық қоғамдық  кеңес арқылы, облыстық  жер туралы  комиссияға  берілді.

Тағы  бір  өзекті тақырыптың бірі -«Шыңғырлау ауданының 2020 жылға  дейінгі даму жоспары» Қоғамдық кеңес мүшелері  тарапынан талқылауға түсіп, нақты ойлар, толымды ұсыныстармен толықтырылды. Бұл  халықтың және қоғамдық кеңестің  қоғам  алдындағы  жауапкершілігі мен  белсенділігінің  артып келе жатқандығын  байқатып отыр

 Бақытжан Сапаров

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале