5.08.2016, 16:27
Оқылды: 21

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы (2) Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық қоғамдық кеңестің VІI отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі С.Әлиев, мәслихат хатшысы С.Рахимов, қоғамдық кеңес мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.


Жиналыста Тасқала аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Тасмағамбетов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Л.Тастамбекова күн тәртібіндегі «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мен «Тасқала ауданының 2016-2020 жылдарға дейінгі аумақтарды дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар жайында баяндама жасады.    Қоғамдық кеңес отырысы

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері әрбір жобаларды талқылап, сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді. Шара соңында кеңес мүшелері биылғы жылға жұмыс жоспарын бекітіп, шешім мен қаулы жобаларын бір ауыздан қолдады.

Манас Маратұлы
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале