3.08.2016, 16:08
Оқылды: 24

Қоғамдық кеңес отырысы оздырылды

Бүгін Қаратөбе ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Орынғали Ермекқалиев жүргізді.


Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне сай «Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2016 жылғы  9 тамыздағы  №5-3, «Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №37-3 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасын аудандық қоғамдық кеңесте талқылап, ұсынымдар беру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтің хабарламасы тыңдалды.

Ұсынылған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың баяндамасын негізге ала отырып, қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы бюджетті жоспарлауда енгізілуге тиіс жұмыстарға ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале