26.07.2016, 16:24
Оқылды: 23

Қоғамдық қабылдаудың қарымы қандай?

 Қоғамдық қабылдаудың қарымы қандайАқжайық аудандық мәслихаты депутаттарының қоғамдық қабылдауларынан нәтижесі қандай? Осы сұраққа толымды жауап үшін атсалысып жүрген халық қалаулылары аз емес. Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Құрманғазы Қуаншалиев кезекті қабылдау қорытындысымен бір отбасындағы студентті «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа кіргізді. Сонымен қатар тұрғын үйін көтеріп жатқан тұрғынның сұрауымен 10 тонна шамасында саз түсіртіп берді. Сондай-ақ, баспанасының ескірген шатырын, есік-терезесін ауыстыруын сұраған бір ауылдасының өтінішін ауданға жеткізетін болды.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале