20.09.2016, 13:46
Оқылды: 18

Қызмет көрсету тәртібі қатаң сақталуы тиіс

%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Әділет аға кеңесшісі Тажиден Найманов Шыңғырлау ауданында жұмыс сапарымен болып, қабылдау жүргізді. Шара барысында ауылшаруашылық бөлімінің мамандары, аудандық АХАТ бөлімі және  аудандық тұрғын үй, коммунальды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарын қабылдады. Ауылшаруашылық саласының егіншілік бағытындағы субсидия алу, кәсіпкерлер құқығы, басқа да нормативтік заңдылықтарының сақталуы, сондай-ақ, мал басын өсіру, асылдандыру бағытында асыл тұқымды аталық малдарды пайдалану талаптарының дұрыстығы, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері мен аталмыш саладағы соңғы уақытта енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде сұрақтар қойып, шолу жасап өткен өкілетті қонақ, тұрғын үй,коммуналдық қызмет көрсетудегі ахуалды да тәптіштеді. Бұл тұрғыда бүгінгі күні мектепте оқып жүрген, әлі кәмелетке толмаған ата-анасыз, қамқоршысыз  қалған жетім балаларды тұрғын үй кезегіне қою мәселелері сөз болды. Қабылдауға келгендер прокурор орынбасарына өздерін мазалаған түйткілді сұрақтарын да қойып, нақты жауаптар алды.

Ерсін Мерханов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале