7.11.2016, 17:05
Оқылды: 20

Қыз бала өзіне қол салған

Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округінде 11 сыныпта оқитын қыз бала ауылдық округ орталығынан 2 шақырым жердегі «Жазира» күтіріндегі үйіндегі қора-жайда 6 қарашада асылып қалған. Оқиға таңертең, жарық кезінде болған. Ол отбасындағы 5 ұл-қыздың үлкені болып табылады. «Қыз бала 1999 жылы дүниеге келген, үй ішінде әке-шешесі, әжесі бар, әкесі шаруалардағы маусымдық жұмыстарға араласып тұрады, анасы жұмыссыз. Қазір тергеу жүргізілуде»,- дейді ауылдық округ әкімі Құмар Арыстанғалиев.

Ауданның Шабдаржап ауылында биыл шілдеде 2000 жылы туған ұл асылып қалған болатын.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале