12.07.2016, 16:13
Оқылды: 48

Қымбат әшекей бұйым мен қомақты қаржы қолды болды

Қымбат әшекей бұйым мен қомақты қаржы қолды болдыЗеленов ауданы Дариян ауылының тұрғыны Л-ның үйіне ұрлық жасалды.


 

Темірмен торланған терезені әдейілеп бұзып ішке енген белгісіз біреулер алтын әрі асыл тасы бар 3 сақина, сырға, 2 алқасын және ақшалай 120 000 мың теңге, 200 АҚШ долларын, 50 евро, 40 мың рублін жымқырған. Осыйлайша қымбат бұйымдар иесіне 878 000 теңге шығын келтірді.

Аудандық ішкі істер бөлімі хабарлағандай қылмыс орнынан саусақ және үш аяқ киім ізі табылған.

Ұрлықшылар әлі құрықталған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале