3.11.2016, 13:22
Оқылды: 28

Қыстақтар, шаруа қалай, тынышсыздар ма?

 %d2%9b%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80-%d1%88%d0%b0%d1%80%d1%83%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9-%d1%82%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d1%88%d1%81%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d0%bc%d0%b0  Барлық жердегідей, Ақжайық ауданында ішкі істер бөлімі «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына барған сайын қарқын үстеуде. 1 қыркүйекте басталған бұл іс-шараға байланысты әр ауылдық округтегі полиция инспекторына тұрғындардан бес көмекші қосылған. Бүгінге дейін 236 қыстақ байқасталды, соның ішінде полицияның оперативтік қызығушылығын танытатын тұлғалардың болу ықтималдығына байланысты 89 қыстақ жан-жақты және толық тексерілді. ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполквнигі Руслан Алмағамбетовтың айтуынша, шаруа қожалықтарындағы алты ай қыстың қамындағы қызу еңбекке ешкім кесел келтірмеуге тиіс. «Шүкір, қыстақтардағы оқыс оқиғадан аулақпыз. Тек соларда және Чапаев, Жамбыл, Қабыршақты, т.б. ауылдарда есепке тұрмаған немесе құжатын жоғалтқан, құжатының мерзімі өткен 51 адам бар екені анықталды»,-деді ол.


1 желтоқсанға дейін созылатын «Учаске» барысында бүгінге дейін сондай-ақ отбасы шырқын бұзған 11 адам (көбі аудан орталығынан), ұсақ бұзақылық жасаған 26, қалдық-қоқысты ортақ орындарға тастаған 16, көшеде мас күйінде жүргені үшін 64, азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзған 15, пәтерді заңсыз жалға берген 7 адам анықталды. Профилактикалық есепте тұрған 309 азаматқа қатысты 510 тексеріс жасалды, жаңадан 17 тұрғын профилактикалық есепке алынды. Көпқабатты 66 тұрғын үйдің жертөлелері, шатырлары тексерілді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале