27.10.2016, 12:08
Оқылды: 23

Қысқа әзірлік мәселелері ширақталды

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы оздырылып, онда қысқы жылыту маусымын ұйымшылдықпен өткізу, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстар талқыланды. Жиында аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы тұрғындар мен аумақтың және шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әрбір орындаушының өз аумағында басқару формалары мен әдістерін жетілдіру, үйлестіруде өзара бірлесіп әрекет жасауға  баса назар аудару қажеттігін атап көрсетті. Бас қосу барысында аудандық тұрғын үй-жолаушылар көлігі, және автомобиль жолдарының басшысы Жарқын Хайырлиев тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының алдағы қысқа дайындығы, «Қазтелеком» АҚ Жәнібек сату учаскесінің басшысы Дәурен Шынғалиев төтенше жағдайлар орын алған кезде аудан тұрғындарын құлақтандыру, ақпараттандыру және аудан аумағындағы елді мекендер арасындағы байланыс және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Алтаев тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі, тұтынушылардың газбен улануына жол бермеу шаралары туралы хабарламалар жасады. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Наурызбай Қарағойшин осы отырыста белгіленген міндеттердің орындалуына баршаның атсалысып, ұйымшылдықпен жұмыс атқару  тиіс екендігін нықтап тапсырды.

                                                                                   Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале