17.11.2016, 11:45
Оқылды: 32

«Қыс – 2016» оқу-жаттығуы

%d2%9b%d1%8b%d1%81-2016-%d0%be%d2%9b%d1%83-%d0%b6%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%93%d1%83%d1%8b  Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ, басқару органдарын, күштер мен құралдарды қыс кезіндегі төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дайындау мақсатында 2016 жылдың 16-18 қарашасы күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің басшылығымен «Қыс – 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.


Оқу-жаттығудың мақсаты:

  -Азаматтық қорғаудың Мемлекеттік жүйесінің (бұдан әрі – АҚМЖ) облыстық кіші жүйесінің және тұрғындардың қысқы кезеңде болуы мүмкін дағдарыс жағдайларының салдарын жоюға дайындығын және қабілеттік деңгейін арттыру;

  -Жергілікті атқарушы органдардың қысқы кезең жағдайында бағынысты күштерді басқару бойынша жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру;

  -Қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының іс-қимылдарға дайындығын және тағайындауына сәйкестігін , санын, құрамын, сонымен қатар, материалдық-техникалық ресурстардың қорларын, энергиямен қамтамасыз ету  резервті көздерінің бар болуын және жағдайын тексеру болып табылады.

  Осы мақсаттағы оқу-жаттығу 17 қараша күні Жаңақала ауданында өтті. Төтенше жағдайға қатысты мекеме, кәсіпорындар командалары белгіленген орынға, көрсетілген мерзімде қажетті техника, құрал-жабдықтармен сап түзеді. Олардың болуы мүмкін қысқы төтенше жағдайларға әзірлігін аудандық азаматтық қорғау басшысы, аудан әкімі Лавр Хайретдинов пен аудандық штаб басшысы Бейбіт Калимулдин тексеріп, командалардың жақсы әзірлікте екендігіне көз жеткізді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале