21.07.2016, 16:00
Оқылды: 40

«Құланмен» құлпырған қожалық

Құлан         Шалқар  селолық округіндегі «Тұмар» шаруа қожалығы мал өсіріп,  шабындық жерлерді тиіміді игеруде алдына жан салар емес.


Қожалық басшысы қарапайымдылық танытып, суретке түсуден бас тартқанымен, ол кәсібінің жемісін көріп отырған адамдардың қатарында бары ақиқат.  Себебі Руслан Лұқпанов мемлекеттік бағдарламаның көмегіне сүйеніп, шаруашылығының аясын кеңейтуді қолға алған.

Мысалы, аталмыш қожалық «Құлан» бағадарламасы шеңберінде мемлекеттен 10 млн теңге несие алып, оған 31 бие және 3 айғыр сатып алған. Сонымен қатар қожалыққа тиесілі жер телімін оңтайлы пайдаланып, шөп шабу науқанында белсеніп жүр. Қазіргі таңда қожалық иесі 3 млн теңге көлеміндегі қаржыға су жаңа трактор алып, қарқынға қарқын қосып жатыр.

-Жылқы өсірумен қатар шөп шабуды да мықтап қолға алдық. Алдымен қожалықтың малдарына қысқы азықты дайындаймыз, артылғанын аудан тұрғындарына сатамыз. Бағасы қолжетімді болғанын назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Ауылдың 10 тұрғынын жұмыспен қамтып отырмын. Жалақылары уақытында, тамақтары тоқ деп сеніммен айта аламын.   Қыстағы табиғаттың тосын мінезіне де дайын болуы үшін бірнеше тонна мал азығын резервке қоюды дағдыға айналдырдым. Жоспарда мал басын көбейтіп, қожалығымды үлкейтсем деген ой бар, - дейді Руслан Лұқпанов.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале