30.09.2016, 11:30
Оқылды: 25

Құм өңірін аралап қайттық

%d2%9b%d2%b1%d0%bc-%d3%a9%d2%a3%d1%96%d1%80Хан ордасы ауылына іссапарымыз округтің жаңа сайланған әкімі Медет Сейсеновтың елді мекендерді (бұрынғы бөлімше орталықтарын) аралаумен тұспа-тұс келіп, ауылдың әкімдік қызметкерлері Бауыржан Жұмағалиев, Аманғали Төлешев және Мұхтар Дәулетовтермен бірге құм өңірін аралап қайттық.

Жиындарды өзі ашып, 25 тамызда оздырылған бәсекелі сайлауда округ әкіміне сайланғанын, осы өңірде туып-өсіп, еңбекке араласқандықтан халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы білетінін, қолынан келгенінше қызмет етуге әзір екендігін, қордаланып қалған мәселелерді ақылдаса отырып, бірлесе шешу үшін ашық әңгімеге шақырды. Ауылнайлар қарасулық Ғайни Оразгелдиев, үштеректік Мыңжасар Темірболатов, сейітқалилық Жақсыбай Қуанғалиевтер ілесе жүріп, бастауыш мектеп пен шағынорталықтың, медпункттің, кітапхананың жай-жапсарымен таныстырды. Қарасулықтар іргетасының бұрыштары мүжіліп түсе бастаған клубтарын жөндеу, қоршау қажеттігін, ауылдағы 45 отбасының 16-сына ғана көгілдір отын кіргізіліп, кейін сол жұмыстың тоқтап қалғанын ақшасын төлегендердің өзіне құбыр тартылмағанын (мектеп пен медпункттетабиғи газ жоқ), ауыз су тасымалы екенін жеткізді. Үштеректе де құдық сулары тартылып, ашып бара жатқан көрінеді. Сондай-ақ ондағылар ауылды құм басып бара жатқанына алаңдаулы. Сейітқалилықтар құм көшкінін тоқтатқан орманшыларға да қаржы көзін тартқан биліктегілерге де риза. Отыздың үстінде үй, жиырманың үстінде шаруа қожалығы бар елдімекенде ешқандай дүкен жоқ. Мектеп, шағын орталық, кітпахана, медпункт бар. Біз барған шақта барлық елдімекендердегі бастауыш мектеп меңгерушілері қалада пысықтау курстарында болды. Дегенмен тілдескен адамдарымыз, мектеп, кітапхана, медпункт жұмыстарынажылы лебіздерін білдірді. Тек сейітқалилықтар ғана өздеріндегі фельдшердің жиі кетіп қалатынын айтып, бізге тұрақты маман керек десті.

К.Ғайсин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале