27.07.2016, 10:25
Оқылды: 16

Құрылыс жұмыстарының сапасы үнемі назарда

IMG_9766 Ағымдағы жылдың  23 шілдесінде Жаңақала ауданына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, облыс әкімдігінің бас инспекторы Баяхметов Артур және облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Басаров Тимур келіп, Жаңақалада жүріп жатқан құрылыс барысымен танысты.


Облыс әкімінің орынбасары алғашқы болып ат басын тірегін «Чапаев-Жаңақала-Сайхын» автожолын жөндеп жатқан мердігер «UNISERV» компаниясы болды. Мұнда ол жұмысшылармен кездесіп, салынып жатқан жолдың сапасы төңірегінде пікір алмасты. Облыс әкімі Алтай Көлгінов келген кезде де, бүгін де жол жөндеп жатырған аталмыш компанияның басшысының және техникалық қадағалаушының құрылыс басында болмағанын сынға алған Бағдат Оразалдыұлы, Жәнібектегі жол жөндеу жұмысына жауапты мекеме басшыларына күнделікті құрылыс басында болып, оны қатаң қадағалауға алуды тапсырды.
Келесі кезекте қонақтар Қызылоба ауылдық округіндегі Е.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып, мектепті күрделі жөндеуден өткізіп жатқан «Тасқала Трансгаз» ЖШС-нің басшысымен кездесті. Облыс басшысының орынбасары жүріп жатқан құрылыстың қарқынына көңілі толмай, жұмыс күшін әлі де толықтыру керек екенін айтты. Сөз соңында ол қайткен жағдайда да, 25 тамыз күні құрылыс аяқталып, 1 қыркүйек күні балалар жаңа мектепке мерекелік көңіл-күймен келуі керек екенін ескертті. IMG_9872
Түскі астан кейін облыс әкімінің орынбасары бастаған делегатция аудан орталығында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатырған  ауыз су тарту жұмысымен танысты.  Биыл Ұлттық Қор қаражаты есебінен аталмыш жоба құрылысына 129 014,0 мың теңге қаржы  бөлінген болатын. Бөлінген қаржыны  Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен өткізілген конкурстық рәсімдердің  қорытындысы бойынша мердігері «Жолаушы – Жол» ЖШС-гі жеңіп алып, бүгінде  Сәләмат Сертеков басқаратын бұл мердігер компания өз жұмыстарын бастап кетті. Жұмыс басталған 17 күннің ішінде жаңа құрылыс аймағындағы жұмыстың  80 пайызын бітіріп қойған  құрылысшылардың қарқынды жұмысына  разы болған Бағдат Оразалдыұлы, осы қарқыннан таймай, жұмысты жоспардан бұрын аяқтап, тапсыруды жүктеді.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары бастаған топ аудан орталығындағы күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысын тексеріп шықты. Соның ішінде аудандық №2 өрт сөндіру бөлімі жұмысынының дайындығын тексеріп, дабыл бергізді. Өрт сөндірушілер дабыл берілген жерге жедел жетіп, қандай да болмасын өрт қаупіне сақадай сай екендерін дәлелдеді. Жұмыстарына оң бағасын берген облыс әкімінің орынбасары өрт сөндіру бөлімінің басшысы Қанат Мақсотовқа алғысын білідіріп, жол жүріп кетті.

Н.ҒАББАС
Жаңақала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале