14.12.2016, 20:00
Оқылды: 69

Қаратөбедегі Тәуелсіздік мерекесі

screenshot_2016-12-15-20-39-36-1Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын оздырылды.


Салтанатты жиынға сапармен арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары screenshot_2016-12-15-20-49-59-1Арман Өтеғұлов, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаментінің директоры Жайық Шарабасовтар алдымен аудан орталығындағы «Дем» сусын өндіру цехына аялдап, жеке кәсіпкер Сержан Ашығалиев жетекшілік ететін цехтың тыныс-тіршілігімен танысты.

screenshot_2016-12-15-20-53-08-1Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында өткен салтанатты жиын алды ауданның 1991-2016 жылдардағы даму, өсу кезеңдері баян етілер бейнебаян жиналғандар назарына ұсынылды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Асхат Шахаров баяндама жасап, аудан тұрғындарын ұлық мереке Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен құттықтады.
screenshot_2016-12-15-20-38-47-1Одан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов құттықтау сөз сөйлеп, еңбегімен ерекшеленген бірқатар жандарға "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалін табыс етті.
Мерекелік медальдар өңірдің, ауданның гүлденуі мен өркендеуіне тәуелсіздік жылдарында елеулі үлес қосқан Орынғали Ермекқалиев, Сайлау Фазылов, Рашит Иманғалиев, Амангелді Жанахметов, Кенжебек Аймашев, Есенжол Ғабдыраш, Талап Казиев, Қадыржан Сүйеуғалиев, Ақмарал Мұқанова, Зейіл Мағзомов, Хасанғали Мырзагерей, Асқар Биялиев, Ербол Рамазанов, Байжан Бақтығалиев, Амангелді Мырзағалиев, Төлеуәлі Кәрімовке табыс етілді.
screenshot_2016-12-15-20-39-16-1Қаратөбеліктерді ұлық мерекемен құттықтаған ҚР Ұлттық экономика министрлігі өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаментінің директоры Жайық Шарабасов әр түрлі ведомоствалық марапаттарға қоса, БҚО әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен Құрмет грамотасын қаратөбелік азамат-азаматшаларға салтанатты түрде табыстады.
Одан кейінгі кезекте аудан өңірінің түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген маман иелері аудан басшысы Асхат Берлешұлының қолынан алғыс хат алды.
«Елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік» атты концерттік бағдарлама аясында аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мереке шырайын кіргізді.
Мерекелік салтанатты кешке ауылдық округ әкімдері, облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауыл жастары, ауыл тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы
Суреттерді түсірген Тоты Асқарқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале