15.12.2016, 14:27
Оқылды: 63

Қасиетті күннің ұлан-асыр қуанышы

screenshot_2016-12-16-00-39-12-1Бүгін Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевтағы М.Әуезов атындағы орта мектептің мәжіліс залында марапаттау салтанаты өтті. Жер-жерден жиналғандар алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған құттықтауын тікелей эфирден тыңдап, көрді.


Марапаттау салтанатын ашқан аудан әкімі Əділ Жоламанов алдағы жылдарда да еліміздің көркейе түсетініне кепілдік қаланып отырғаны жайында айтты.
screenshot_2016-12-16-00-36-29-1Осыдан соң марапаттау басталды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медаліне ауылдық округ әкімдері Қайыржан Елешов (Жамбыл), Руслан Қайырманов (Бударин), аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дүйсенбай Қарабалин, «Таным» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төрағасы Құрман Бисеғалиев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Сердалин, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Бақыт Досқалиева, аудандық мәслихат депутаты Дарын Боранбаев, орталық аурухананың дәрігері Ғабит Оразов, Абай атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Жансұлу Ғабдуллина, «Нұр-Ғасыр» ЖШС директоры Нұрлан Салықов, «Батыс құрылыс материалдар комбинаты» ЖШС директоры Асқар Қабанов, «Қайсар» шаруа қожалығының жетекшісі Шаймардан Сағынғалиев, агротехколледж шебері Исатай Оразғалиев, еңбек ардагерлері Анна Мартовицкая, Хаби Қадисов, Нина Гузикова, Балымжан Хамзина, Еділбай Меңдешев, Владимир Липатов, Күнсұлу Таспаева ие болды.
Ақжайық ауданының прокуроры Орал Монтаевқа «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалі, Тайпақ ірілендірілген кітапханасының жетекшісі Светлана Тілекееваға «Кітапахана ісінің үздігі» төсбелгісі, Санат Қоғабев (Ақсуат), Мақсот Ғабдуллин (Ақжол) және Қабдірашит Есеновке (Чапаев) «Семей ядролық сынақ полигоныны жабылуының 25 жылдығы» естелік медалі, еңбек ардагерлері Наурызғали Әбілхайыров, Қыдырғаи Өтегенов, Сәния Берғалиева, клуб директоры Данияр Елеуов (Үштөбе), ІІБ полиция майоры Берік Кереев, «Салтанат» шаруа қожалығының жетекшісі Салтанат Масалимовке БҚО Құрмет грамотасы, «Асылгүл» шаруа қожалығының жетекшісі Құрманғазы Жақсыбаев пен «Мұқадес» шаруа қожалығының жетекшісі Мұқадес Сағитовқа Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің дипомы табысталды.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының және аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Чапаевтық мұғалім Х.Ғабдуллина марапатталғандар атынан сөз сөйлеп, қуанышымен бөлісті. Ол «Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын бар азаматтардың қасиетті борышы, ең биік мақсаты. Азат ел болу үшін ел іргесі бүтін болып, барлығы бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тұтас болу керек», - деді ол.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале